Су қайда?: Ақтаулықтар облыс әкімінен үйлерге плакат іліп су сұрауда

515

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа плакатпен жүгінетіндер көбейіп келеді. Ақтау тұрғыны үй сыртына плакат іліп, жария түрде су сұрады. 

Су қайда?: Ақтаулықтар облыс әкімінен үйлерге плакат іліп су сұрауда Фото: лада.кз

"Ноғаев мырза, су қайда?" деген жазу Ақтау қаласының 4 шағын ауданындағы тұрғын үйде пайда болды. Облыс әкімінің телеграмм каналында тұрғындар ауыз су мен ыстық судың жоқтығына жаппай шағымдануда. Қала тұрғындарының шағымдарына "ҚЖСА" МКК және"МАЭК" ЖШС өкілдері жауап берді.

Тұрғындар пәтерлерінде үш күннен бері су жоқ дейді. Шағымдар қаланың әртүрлі шағын аудандарынан толассыз түсіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу