Су қарқыны әлі қайтпай тұр

772

Су қарқыны әлі қайтпай тұр

Петропавлда су тасқыны қайталануы мүмкін. Өзендер арнасына барлау жасап шыққан Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов осылай деді.

Мұны төтеншеліктерде жоққа шығармайды. Олардың айтуынша, қауіптің беті алдағы екі күнде қайта бастайды. Сондықтан сақтық шаралары барынша күшейтіліп жатыр.

Еске салсақ, бір түн ішінде Есіл өзені тасып, Петропавлдың шеткі жағында орналасқан 115 үй тасқынның астында қалды. Қауіпті аймақтан құтқарушыларға 215 адам көшіруге тура келген. Сағат сайын жағдай күрделене түскендіктен кеше өңірде төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай қызметінің мәлімдеуінше, Есіл өзеніндегі су деңгейі соңғы 23 жылдағы көрсеткіштен асып кетіпті.

Автор: Арай Сүгірбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу