Биыл Мемлекет басшысы жаңа редакциядағы Су кодексіне қол қойды. Құжатты іске асыру мақсатында Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті 22 нормативтік құқықтық акті әзірледі, деп хабарлайды inbusiness cайты.
Арнайы автокөліктер паркі жаңартылып, 18 автокөлік сатып алынды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады. Қызметкерлерге компьютерлік техника алынды. Сондай-ақ, Инспекция қызметкерлерінің еңбек жағдайлары жақсарып, 10 әкімшілік ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
"Жоғарыда аталған барлық шаралар Инспекциялардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасады және орындалатын функциялардың сапасын арттыруға бағытталған", – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.