Еліміздің ірі су қоймаларынан су жіберіліп жатыр

164

Әр облыс аумағындағы ірі су қоймаларының жағдайы тұрақты.  

Еліміздің ірі су қоймаларынан су жіберіліп жатыр Фото: gov.kz

Тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

27 наурыз күнгі жағдай бойынша су қоймаларына қанша текше метр су жіберіліп жатқаны мәлім болды:

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 150 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 8,3 текше метр су.

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілсе, былтыр реконструкция жасалған 2 су қоймасы белсенді су жинап жатыр, бүгінде 67%-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 620 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 660 текше метр.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 12,2 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 9,3 текше метр, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2,2 текше метрден су жіберіліп жатыр.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 10 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр су.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 4,7 текше метр.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метр. Қазір екі нысан да белсенді су жинап, орта есеппен 68%-ға толды.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 493,2 текше метр, Петропавл су қоймасынан 195 текше метр су жіберіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу