Су мәселесі: Қытай Қазақстанмен келіссөз жүргізіп жатыр

1037

Қос мемлекет бұл мәселе бойынша 17 отырыс өткізген. 

Су мәселесі: Қытай Қазақстанмен келіссөз жүргізіп жатыр

Қытай суды бөлу мәселесі бойынша келіссөзді тек Қазақстанмен жүргізеді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Алдымен вице-министр академик Мәлік Бөрлібаевтың БАҚ-та жарияланған сұхбатына түсінік берді. Ғалым Қытай суды бөлу мәселесінде Қазақстанмен ынтымақтаспайды деген болатын.

"Мәлік Бөрлібаевтың бірлескен комиссия беделді сарапшылардың пікіріне құлақ аспайды деген пікірі түсініксіз. Осы уақытқа дейін Қытай трансшекаралық су объектілері бар 18 елдің ешқайсысымен суды бөлу жөнінде бірде-бір халықаралық шарт жасасқан жоқ. Алайда ҚХР суды бөлу мәселесінде тек Қазақстанмен келіссөз жүргізеді деген ойдамын", - деді Серік Қожаниязов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол қос мемлекет 2015 жылдан бастап трансшекаралық өзендер суын бөлу туралы келісім жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

"Бұл жұмыс трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының шеңберінде жүргізіліп жатыр. Бірлескен комиссияның 17 отырысы өткізілді. Суды бөлу жөніндегі келісім жобасы талқылануда. Ол бойынша күрделі және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу керек", - деді вице-министр.

Оның пікірінше, бұл мәселе дипломатиялық жолмен шешілуі шарт.

"Су мәселелері бойынша келіссөзді тату көршілік және тең құқықтық қарым-қатынас негізінде жүргіземіз", - деді минстрдің орынбасары.

Сонымен қатар вице-министр көліссөздерге география және су қауіпсіздігі институтының білікті мамандары қатысатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу