Су министрлігі жыл соңына дейін Еуропалық Даму банкімен бірлескен 23 жобаны аяқтауды жоспарлап отыр

152

Қалған жобалар бойынша құрылыс жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Су министрлігі жыл соңына дейін Еуропалық Даму банкімен бірлескен 23 жобаны аяқтауды жоспарлап отыр Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстандағы Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі (ЕҚДБ) басшысының орынбасары Асқар Намазбаевпен кездесті. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру және одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік пен Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі Ақтөбе, Жамбыл және Түркістан облыстарында су шаруашылығы нысандарын реконструкциялау бойынша 53 жобаны іске асыруда. Бүгінгі таңда 19 жоба толығымен аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 23 жобаны аяқтау жоспарлануда, оның 17-сі пайдалануға беріледі.

"Біз Еуропалық Қайта Құру және Даму банкімен ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз. Біздің министрліктің алдында Қазақстанның су саласын трансформациялау міндеті тұр,  біз бұл жұмысты халықаралық қаржы институттарымен бірге жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу