Су ресурстары комитетінің төрағасы 60 миллион теңгені заңсыз иеленген деген күдік бар

1328

Дегенмен, бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ. 

Су ресурстары комитетінің төрағасы 60 миллион теңгені заңсыз иеленген деген күдік бар

Қызметінен шеттетілген су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев 60 млн теңгені заңсыз жолмен қалтасына басты деп айыпталуда. 

Время газетінің таратққан ақпаратына сенсек, ол құбыр жөндеуші компанияға тендерде жеңуіне қолғабыс етіп, қазынадан бөлінген 6 млрд теңгенің бір пайызын алуға келіскен. Бірақ ақшаны қолма-қол емес, үшінші адамдар арқылы бірнеше бөлікке бөліп алған. Келісілген сома қолына толық тигенде, оның қылмысы әшкере болыпты.

Дегенмен, бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі ақпараттан бей-хабар болып шықты.

Айта кетсек, Ислам Әбішев су ресурстары комитетін 2012 жылдан бері басқарып келді. Оған дейін Өскемен қаласының әкімі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу