Су ресурстары саласында жас мамандар тапшы

415

Биылдан бастап ЖОО студенттері Су ресурстары және ирригация министрлігіне бағынысты ұйымдардағы өндірісте кәсіптік практикадан өтуі мүмкін.  

Су ресурстары саласында жас мамандар тапшы Фото: gov.kz

Су ресурстарын басқарудың барлық деңгейінде білікті кадрлар мен жас мамандардың тапшылығы байқалады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су саласы үшін кадрлар даярлау "Гидромелиорация", "Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқару", "Сумен жабдықтау және су бұру" (М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) және "Су ресурстары және су пайдалану" білім беру бағдарламаларының топтары шеңберінде су ресурстары және су пайдалану бакалаврлары шығаратын жеті жоғарғы оқу орындарында жүзеге асырылады. Осы жылдан бастап министрлік жоғарғы оқу орындары студенттердің кәсіптік практикадан тікелей ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өндірісте өту мүмкіндігімен, одан әрі жұмысқа орналасумен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, биыл су шаруашылығы ұйымдарының 450-ге жуық маманы мамандандырылған орталықтар жанынан біліктілікті арттыру курсынан өтеді", - деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек су саласы мамандарының біліктілігін арттыру қағидалары әзірленген.

"Министрліктің жанынан су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес құрылды. Оның ережесі және кәсіби стандарттарды өзектендіру бойынша жұмыс жоспары бекітілді. Жаңартылған кәсіби стандарттар негізінде жоғарғы оқу орындарының су саласы мамандарының кадрларын даярлауда білім беру бағдарламаларын жаңартатын болады", - деп толықтырды Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу