Су ресурстары саласының мамандары үшін білім гранттары көбейеді

492

Білім беру бағдарламалары да жаңартылады.  

 Су ресурстары саласының мамандары үшін білім гранттары көбейеді Фото: google.com

Бұл туралы Ашық НҚА порталында су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Су ресурстары саласында сұранысқа ие мамандар даярлау үшін білім беру гранттарының саны көбейеді.

"Сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен бірлесіп, жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы бекітіледі. Бұл жұмыстар 2023-2029 жылдар аралығында жүргізіледі. Сонымен бірге, су саласындағы инновациялық пәндерді қоса отырып, білім беру бағдарламалары жаңартылады. Су саласының сұранысқа ие пәндері бойынша жоғары білім алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарының санын ұлғаяды", делінген құжатта.

Жұмыс жоспарына сәйкес, келесі жылдан бастап өңір әкімдіктерінің қолдауымен Ертіс, Деркөл, Елек, Есіл, Тобыл, Нұра, Шу, Селета, Қаратал, Топар, Сырдария, Ойыл, Жем, Сағыз өзендерінің арнасы тазартылады. 

Құжат 20 маусымға дейін көпшілік талқылауында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу