Су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы өсті

180

 Атап айтқанда, еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін мамандардың айлықтары ұлғайды. 

Су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы өсті Фото: znachit.needlewoman.ru

1 мамырдан бастап су саласындағы бірқатар мамандардың еңбекақысы 25%-ға өсті. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1 мамырдан Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" мекемесі қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 25%-ға өсті. Атап айтқанда, еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін мамандардың айлықтары ұлғайды. 

Еске сала кетсек, осы жылдың 1 қаңтарынан айлықтары тариф есебінен төленетін "Қазсушар" мамандарының еңбекақылары орта есеппен 23%-ға көтерілген еді. Нәтижесінде, кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы санының 47%-ының айлықтары ұлғайды. Бұл арналар арқылы суармалы су жеткізуді қамтамасыз ететін мамандар.

"Министрлік кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру үшін бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, "Қазсушар" қызметкерлерінің еңбекақысы республикалық бюджеттен және тариф есебінен де кезең-кезеңімен ұлғайып жатыр. Бұдан бөлек, саладағы мамандар біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Биыл 450 маман арнайы курстардан өтуі тиіс", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу