Оның ішінде 818-і бакалавриат, 44-і магистратура, 32 адам докторантураға түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Салыстырмалы түрде алсақ, былтырғы оқу жылында осы мамандықтар бойынша грантқа 523 студент қабылданса, 2023-2024 жылдары небәрі 291 студент оқуға түскен еді. Биыл су саласына ақылы негізде оқуға түскен студенттер саны – 183 . Оның ішінде 128-і бакалавриатқа, 52-сі магистратураға, 3 студент докторантураға қабылданған.
2025 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша жоғары оқу орындарында су саласы бағытында білім алып жатқан студенттердің жалпы саны – 2 101 адам. Ал жұмысшы кадрларды даярлаумен 8 колледж айналысып жатыр. Бүгінде бұл білім ұйымдарында 630 студент оқиды.
"2023 жылмен салыстырғанда су саласы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 9-дан 13-ке дейін артты. Олардың әрқайсысымен Су ресурстары және ирригация министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Меморандумдарға сәйкес, студенттер министрлікке қарасты су шаруашылығы кәсіпорындарында тәжірибеден өте алады. Осы шаралардың арқасында биыл министрлікке қарасты кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өткен студенттердің саны 5 есеге артты", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.