"Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек"

637

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керектігін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz. 

"Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек"

"Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр", – деді Мемлекет басшысы.

Президент судың 40 пайызы құмға сіңіп жатқанын атап өтті. Бұдан бөлек инфрақұрылымның тозығы жетіп, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен деді ол. 


"Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу