Су саласындағы бұзушылықтарға жауапкершілік күшеюі мүмкін

290

Бассейндік инспекциялар штаты 242 бірлікке дейін ұлғайтылған. 

Су саласындағы бұзушылықтарға жауапкершілік күшеюі мүмкін Фото: rusmonitor.com

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде сарқынды суларды қайта пайдаланудың мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су саласындағы бұзушылықтарға заңнамалық деңгейде жауапкершілік күшейтіледі. Мысалы, министрліктің бассейндік инспекцияларына мемлекеттік бақылаудан басқа қадағалау функциялары да беріледі. Бұл су объектілерін қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мұқият бақылауға, өз бетінше пайдалануға қарсы күресуге, гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге және су заңнамасының сақталуын бақылауға мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы.

Сөзінше, әр облыс орталығында бөлімдер ашылған. Бассейндік инспекциялар штаты 98 бірліктен 242 бірлікке дейін ұлғайтылды.

Нұржан Нұржігітов жаңа Су кодексінің жобасы Мәжіліске енгізілгенін еске салды.

"Кодекс су ресурстарын тұрақты басқару және экожүйелерді қорғау бағытындағы негізгі қадам", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу