Қазақстандық су саласының мамандары АҚШ пен Австралияда білім алады

109

Биыл "Болашақ" бағдарламасына "Гидрогеология", "Су ресурстары" секілді оқу бағдарламалары қосылды.

Қазақстандық су саласының мамандары АҚШ пен Австралияда білім алады Фото: uleoparda.ru

Су саласының мамандары "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ пен Австралияда білім алады. Қазақстандық сушыларға шетелде оқуға мүмкіндік жасау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен келісім жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жазда "Қазсушар" мекемесінің мамандары Жапонияның Саппоро қаласында үш айлық оқу курсына қатысты. Ал, Қызылорда облысы бойынша "Қазсушар" филиалы директорының орынбасары Оңтүстік Корея мемлекетіне барып, тәжірибе алмасып қайтты.

Келесі жылы министрліктің екі қызметкері Америка Құрама Штаттарында оқу тағылымдамасынан өтеді. Тағы бір маман "Болашақ" бағдарламасы бойынша Австралияда, магистратурада білім алады.

"Су шаруашылығы саласы мамандарының біліктілігін арттыру министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда ведомство Қытай, Нидерланды, Франция сынды мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасу және бірлесіп маман дарялау жөнінде келісім жасады. Биыл Нидерланды сарапшылары Астана және Ақтөбе қалаларында су тасқыны қаупін басқару бойынша 3 мәрте оқу семинарын өткізді. Осының нәтижесінде су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын 50-ден астам қазақстандық маман біліктілік арттырды", – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу