Су сапасы жөніндегі рейтингте Қазақстан 54-орында

1151

Елімізге жеткізілетін ауыз су көлемі бір жылда 1%-ға азайып, ішуге жарамсыз су керісінше 2%-ға көбейген.

Су сапасы жөніндегі рейтингте Қазақстан 54-орында

Тұтынылған судың сапасына байланысты денсаулыққа тиген зиянның клиникалық тіркелген жағдайларын ескере отырып жасалған су сапасы жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 179 елдің арасында 54 орынға ие болды. Бұл туралы energyprom.kz мониторингтік агенттігі хабарлады.

Бірінші орынды, яғни рейтингінің ең жоғарғы көрсеткішін бірден 10 мемлекет иеленді: Австрия, Финляндия, Греция, Исландия, Ирландия, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Швейцария және Ұлыбритания.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан тұрғындарына жеткізілген табиғи су көлемі 2,2 млрд текше метрді құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артық. Ал 2019 жылы осы көрсеткіш 3 млрд текше метрді құрап, оның алдындағы жылмен салыстырғанда 8,2%-ға көбірек болған еді.

Ал биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша, табиғи судың көп мөлшері ішуге жарамсыз болған. Бұл 61,2% немесе 1,4 млрд текше метр су, яғни өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға артық. Айта кетсек, ішуге жарамсыз судың үштен екісі Маңғыстау облысына жеткізілген.

Республикадағы ауыз судың жалпы көлемі 38,8%-ды құрап, 857,3 млн текше метр болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз. Ауыз судың басым көбі Алматы мен Қарағанды облысына және ел астанасына жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу