Су сататын аппараттардан ақша ұрлаған ақмолалық ұсталды

462

Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Су сататын аппараттардан ақша ұрлаған ақмолалық ұсталды Фото: inbusiness.kz

Су сататын аппараттарды бұзып, ақшаны ұрлап кеткен ақмолалық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"11 тамыз күні Қосшы қаласының полиция бөліміне жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жергілікті тұрғындардың осындай ұрлық деректері туралы өтініштері келіп түсті. Өтініш берушілердің екеуі де 11 тамызында өздеріне тиесілі көшедегі су тазартқыштардан ақша ұрланғанын хабарлады", делінген ІІМ хабарламасында.

Залал сомасы анықталып жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады. Күдіктіні бейнебақылау камералары түсіріп алған. 

Осы дерекке қасты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу