Су саясаты ұлттық диалогының ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

960

Отырыста трансшекаралық өзендердің ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері талқыланды. 

Су саясаты ұлттық диалогының ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен Қазақстанның "Су саясаты туралы ұлттық диалог" (ССҰД) жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алтыншы отырысы өтті.

"Бейнеконференция түрінде өткен отырыста трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау және пайдалану жөнінде шекаралас елдермен ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген іс-шаралар қарастырылды. Сондай-ақ 2021 жылға арналған ССҰД жұмыс жоспары бойынша ұсыныстар әзірленді. Басқосу кезінде өнеркәсіптік апат салдарынан судың ластануын болдырмау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тетіктері және Су мен денсаулық проблемалары жөніндегі хаттама шеңберінде орындалатын іс-қимылдарға ерекше назар аударылды", – деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметі.

Отырысқа Қазақстанның мемлекеттік органдары, ғылыми институттар, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты. 

Айта кесек, Қазақстан үшін ССҰД елдің су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелерін шешудегі су ресурстарын басқару мен мемлекеттік органдар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдар және жеке сектор арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау алаңы.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу