Су шаруашылығы саласындағы 25 мың қызметкердің жалақысы өседі

525

"Қазсушардың" 279 маусымдық жұмысшысы тұрақты жұмыспен қамтылған.    

Су шаруашылығы саласындағы 25 мың қызметкердің жалақысы өседі Фото: gov.kz

Су саласындағы 25 000 қызметкердің жалақысы орта есеппен 35-50% өседі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрдің айтуынша қыркүйек айында "Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер күшіне енеді.

Жақын арада тағы 146 адам тұрақты жұмысқа қабылданады. Осылайша, кәсіпорындағы 425 маусымдық жұмысшының барлығы тұрақты жұмыспен қамтылады.

"Бұрын маусымдық жұмысшылар жылына 6-8 ай ғана жұмыс істейтін. Енді барлығы тұрақты жұмыспен қамтылады", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұл жұмысшыларға жаңа міндеттер жүктеледі. Олар каналдар мен гидротехникалық құрылғыларды жөндеуге қатысады, су пайдаланушылармен жұмыс істейді, су тасқыны мен төтенше жағдайлар кезінде кезекшілік атқарады, сондай-ақ гидротехникалық нысандарды консервациялаумен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу