Су спорты федерациясы жылдық жұмысын қорытындылады

286

Отандық су спортының шеберлері 11 рет Қазақстан рекордын жаңартты.

Су спорты федерациясы жылдық жұмысын қорытындылады Фото: Olympic.kz

Еліміздің су спорты федерациясы ұлттық құрама командалардың жаттықтырушылар кеңесін өткізіп, осы жылдың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жылдың басты жарысы Қытайда өткен Азия ойындары. Ханчжоуда қазақстандық атлеттер жоғары нәтиже көрсетті. Аламанға қатысқан 48 спортшымыздың 37-сі жүлдегер атанды. Байрақты бәсеке отандық су спортының шеберлері 11 рет Қазақстан рекордын жаңартты. Тек су добынан Қазақстанның ерлер және әйелдер командалары үздіктер қатарынан көріне алмады.

Айта кетейік, ватерполдан еліміздің ерлер құрамасы Азия ойындарының 6-дүркін жеңімпазы. Бұрымды спортшыларымыз бұған дейін күміс және қола медаль еншілеген. Соңғы екі олимпадалық цикл кезінде су спортының шеберлері олимпиада алтыны мен Азия ойындарынан 22 медаль ұтып алды. Отандық атлеттер олимпиада, әлем және Азия чемпионаттарының тұрақты қатысушысы.

"Федерация жылды қорытындылады. Ақырғы Азия ойынлары сарапқа салынды. Жалпы айтатын болсақ су спорт түрлері Азия ойындарында жаман нәтиже көрсеткен жоқ. 48 спортшы барып, 37 медаль алып қайтты. Қазақстанның 11 рекорды орындалды. Су добынан лицензия ала алмадық. Ақырғы ақтық сайыста біздің спортшыларымыз ұтылып қалды. Соған қарамастан бұл спорт түріне ерекше көңіл бөлу керек. Туризм және спорт министрлігімен бірігіп, сол кемшлікітерді жойып, болашақта су добы олимпиада мен Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсету үшін жұмыс атқаруымыз қажет", - деді ҚР ҰОК Спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу