Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев атом электр станциясы үшін бар болғаны 1 400 адам қажет екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстанның атом саласы үшін МАГАТЭ мен шетелдік серіктестердің қолдауымен елімізде атом өнеркәсібі үшін 5 000-нан астам маман даярланған 3 оқу орталығы жұмыс істейді. АЭС үшін бар болғаны 1 400 адам қажет", - деді Саябек Сахиев.
Ол ұсынылып отырған екі контурлы су-сулы реакторлары бар АЭС-тердің ең қауіпсіз екенін баса айтты.
"Мұндай типтегі алғашқы АЭС 1957 жылы салынған, ал жұмыс істеп тұрған 415 АЭС-тің жартысынан астамы осы типтегі станциялар. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр және ешқандай оқыс оқиғалар болған емес", - деді институттың бас директоры.