Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет кулуарында айтты.
Тілшілер спикерден "Бішкекте көлік жуу орталықтары, монша және суды көп қолданатын алаңдар уақытша жабылды. Бұл жағдай Астанаға да қайталануы мүмкін бе?" деп сұрады.
"Қазір оның қажеті жоқ. Себебі, сорғы-сүзгі станциясы жақын арада бітеді, сумен қамтамасыз етілеміз", - деді Алтай Көлгінов.
Ол болашақта мәселе туындамас үшін Астана су қоймасын сумен қамтамасыз ету қажет екенін жеткізді.
"Бұдан басқа бұл су қоймаларының жұмысын тез арада іске асыру қажет. Алдағы 2-3 жылда бастау керек. Өйткені урбанизация деңгейі жоғары, елордаға көшіп келушілер қатары өсіп жатыр", - деді Премьер-министрдің орынбасары.