Су тапшылығын спутниктік технологиялармен шешуге болады — NASA өкілі

347

Қазақстан — су ресурстарына бақылау жүргізе алмайтын ел, сондықтан бізде судың тапшылығы басты мәселеге айналып отыр.

Су тапшылығын спутниктік технологиялармен шешуге болады — NASA өкілі Фото: pixabay.com

Су ресурстарын бақылау мәселесін спутниктік технологиялар арқылы шешуге болады, деп NASA (АҚШ) Орталық Азия өңірлік ақпараттық орталығының басшысы, Марат Бексұлтанов жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел (KGIR-2023) барысында пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы су ресурстарына, климаттың өзгеруіне тікелей байланысты. Ол жоғары технологиялар, оның ішінде, спутниктік технологиялар бұл мәселелерді шешуге көмектеседі деп санайды.

"Спутниктік технологиялар топырақтың ылғалдылығын, ауа ағындарының қозғалысын және басқа параметрлерді бақылауға мүмкіндік береді. Сол арқылы егінге мониторинг жүргізіп, құрғақшылық пен су тасқынын болжай алатын боламыз", - деді М.Бексұлтанов.

Оның айтуы бойынша, спутниктік деректер белгілі бір учаскедегі жылу көрсеткішін талдауға көмектеседі. Алынған деректер қалалар мен саябақтарды жобалауға көмектеседі.

М. Бексұлтановтың мәлімдемесіне сәйкес, мәселе деректердің жоқтығында емес, оларды талдау мен өңдеу мүмкіндігінің болмауында.

"Қазір ғарыш кеңістігінде 10 мыңнан астам спутник бар, яғни ақпарат бар, ал соның ішінен бізге керегін табу керек — мәселе осында. Қазақстан үшін спутниктік деректердің көпшілігі қолжетімді", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу