Су тапшылығын жою үшін Шиеліде су қоймасы салынады

1413

Су тапшылығын жою үшін Шиеліде су қоймасы салынады

Қызылорда облысы Жосалы кентінде бір мәселе шешімін таппақ. Аумақ биыл газға қосылады. Қазір өңірдегі 265 елді мекен көгілдір отынның игілігін көруде. Бұл көрсеткіш 2015 жылдағыдан 2 есеге артық. Енді Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарына газ жеткізіледі. Бұл жайлы тұрғындарға есеп берген Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады. Ал Шиелі ауданының Күміскеткен шатқалында 600 миллион текше метрлік су қоймасы салынады. Гидронысан іске қосылғанда Қызылорда қаласы, Сырдария, Жалағаш пен Қармақшы аудандарының шаруалары су тапшылығынан құтылады. Сондай-ақ облыста 60 мың гектар жер пайдаланылмауда. Жолдаудағы міндеттерге сай, жылдар бойы игерілмеген алқаптарды айналымға енгізу шаралары қолға алынбақ.

"Жалағаш ауданындағы 15 мың га суармалы жерді қалпына келтіру жоспарлануда. Сонымен бірге ирригациялық және дренаждық жүйені жетілдіру жөніндегі жобаның үшінші фазасына облысымыздан тағы 144 мың га жерді қосу мәселесін көтерудеміз. Сондай-ақ 29 мың га суармалы жерді қалпына келтіру жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін Ислам даму банкімен жұмыс жүргізудеміз", – деп атап көрсетті Қызылорда облысының әкім Қырымбек Көшербаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу