Су тарифінің құны 3 есеге қымбаттауы мүмкін

439

Атырау облысында су тарифі 3 есеге дейін қымбаттауы мүмкін. 

Су тарифінің құны 3 есеге қымбаттауы мүмкін Фото: Baribar.kz

Жергілікті жұртты тіршілік нәрімен қамтып отырған мекеме әбден шығынға батқан. Монополистің 800 млн теңгеден астам берешегі бар көрінеді.

Қазір облыс тұрғындары судың 1 текше метрі үшін 62, заңды тұлғалар 206 теңгеден төлейді. Өзгеріс енгізілсе, өтейтін сома 3 есеге артпақ. Бұған тұрғындардың кейбірі қарсы болса, кейбірі бұл суды үнемдеу бағытындағы дұрыс бастама деп есептейді. 

"Атырау Су арнасының" бағаны шарықтатпасқа амалы қалмаған. Мемлекеттік кәсіпорын әбден шығынға батқан. Жеткізушілеріне 800 млн теңге берешек. Одан өзге 1,5 млн теңге қарызы бар. 

"Өндірістік персоналдың орташа жалақысы 120-130 мың теңге. Бұл бүгінгі күні біздің қызметкерлер жасап жатқан жұмыстарға мүлде сәйкес келмейді. Атырау облысы су арнасы, тарифтер мен инвестициялық бағдарламаны 2023-2028 жылдар аралығына 5 жылға бекітуге өтінім жолдады", дейді "Атырау облыстық су арнасы" КМК бөлім басшысы Шыңғыс Арыстанов.

Әзірге тарифтің нақты қашан көтерілетіні белгісіз. Қазір мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар өтуде. Жауаптылар, шешім қабылданар алдында жергілікті жұрт пікірі ескеріледі дегенге сендірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу