Су таси қалса шұғыл әрекет ететін топ құрылды

1045

Аталмыш топ ШҚО-дағы су тасқыны қаупі жоғары учаскелерге бөлініп, орналасады.  

Су таси қалса шұғыл әрекет ететін топ құрылды

Министрдің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны орын ала қалса жедел әрекет ету үшін арнайы топ құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен 52859 әскери бөлімінен механикаландырылған жиынтық жасақтан 8 бірлік техника, 4 жүзу құралы мен 10 тасымалды мотопомпа, жеке құрамның 50 адамынан тұратын күштер мен құралдар келді. Жасақ ТЖ жою басшысының жедел бағынысына өтетін болады. Аталмыш топ бірнеше су тасқыны қауіпті учаскелерге бөлініп, Көкпекті ауданының Самар ауылы және Алтай аудандарында орналасатын болады. Жасақ ТЖ жою басшысының жедел бағынысына өтетін болады",– деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу