Су тасқыны: 11,9 мыңнан астам адам үйіне оралды

275

8 облыста жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай әрекет етеді.  

Су тасқыны: 11,9 мыңнан астам адам үйіне оралды Фото: ҚР ТЖМ

Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спикер елдегі су тасқыны жағдайы туралы сағат 10.00-дегі ақпаратпен бөлісті.

"Су тасқыны басталғалы бері 111 194 адам, оның ішінде 39222 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналастыру пункттерінде 6814 адам, оның ішінде 2995 бала орналасқан. 11950 адам өз үйлеріне оралды. 9,5 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 2 млн 200 мың қапшық, 1 млн 200 мың тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 33334 адам, 4066 бірлік техника, оның ішінде 835 су сору құралы, 275 жүзу құралы және 11 әуе кемесі жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Сөзінше, осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5411 жеке тұрғын үй, 1607 аула аумағы, 2035 саяжай үйлері су астында қалуда. 3503 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды.


"Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдай әрекет етеді", - деді Ерасыл Сайпаш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу