Су тасқыны 120 мыңнан астам қазақстандықтың өміріне әсер еткен

204

Мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетілді.

Су тасқыны 120 мыңнан астам қазақстандықтың өміріне әсер еткен Фото: gov.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биылғы су тасқыны 120 мыңнан астам адамның өміріне әсер етті. Мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетілді. Баспанасыз қалғандар үшін эвакуациялық пункттер ұйымдастырылды, 34 мыңнан астам адам 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК көлемінде біржолғы төлем алды. Бұдан басқа, шамамен 10 млрд теңге көлемінде 150 айлық есептік көрсеткіш есебінде 21 880 отбасына келтірілген материалдық залал өтелді. Шағын және орта бизнес субъектілеріне су тасқыны салдарынан келген мүліктік шығындарды өтеу ретінде 615 мақұлданған өтінім 10,2 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Айта кету керек, шағын және орта бизнестің шығындарын өтеу қағидаларының қолданылу мерзімі 2025 жылдың сәуіріне дейін ұзартылатын болады", - деді Қанат Бозымбаев.

Сөзінше, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жойылған дақылдары мен жануар иелеріне шығынды өтеу үшін шамамен 3,15 млрд теңге бөлінді. 

"Жалғыз баспана болып есептелген 17,6 мыңға жуық үй мен саяжай құрылыстары су астында қалды. Тәуелсіз бағалау компаниялары мен комиссиялардың жүргізген зерттеуі негізінде 9156 үйді жөндеуге болатынын, ал 8447 үй апатты деп танылды", - деді Қанат Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу