Су тасқыны: 51,1 мың адам өз үйлеріне оралды

285

5,3 мың адам уақытша орналасу пункттерінде қалып отыр. 

Су тасқыны: 51,1 мың адам өз үйлеріне оралды Фото: qyzyljarnews.kz

Су басқан өңірлерде 51 111 қазақстандық өз үйлеріне оралды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында мотопомпалармен және жылжымалы сорғы станцияларымен 174 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 137 627 мың текше метр су сорылды. Есіл өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. 

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тұрғындарға көгалдандыруға және көшелер мен аула аумақтарын тазартуға көмек көрсетуде.

"Атырау облысының Құлсары қаласында су басқан аумақтардан су сору және дезинфекциялық жұмыстар тәулік бойы жалғастырылуда. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде. Жағдай бақылауда. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында бөген салу жұмыстары жүргізілуде. Өткен тәулікте ұзындығы 300-ге жуық бөген салынды.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 3 050 қапшық пен 233 тонна инертті материал төселді. Өңірдегі жағдай тұрақталып келеді", - делінген хабарламада.

Республика бойынша 17 млн еріген қар суы сорлып, 10 013 тұрғын үй мен 3 215 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 51 111 адам өз үйлеріне оралды. 5 355 адам уақытша орналасу пункттерінде қалып отыр.

ТЖМ хабарлауынша, авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 10 827  адам, 1 247 техника, 332 су сору құралы және 57 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды.

"Екі күн ішінде ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында су басқан 326 үйде, Атырау облысының Құлсары қаласында ауданы 76 500 шаршы метр су басқан  аумақтарда дезинфекциялау жүргізді. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Подстепное кенті мен Аңқаты ауылында жалпы ауданы 71 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жүргізілді", - делінген министрлің таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу