Су тасқыны: 9 мыңға жуық адам эвакуация орталығын паналап отыр

235

31 мыңнан аса адам үйіне оралған.

Су тасқыны: 9 мыңға жуық адам эвакуация орталығын паналап отыр Фото: ҚР ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша 24 сәуірдегі жағдайды мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Республика бойынша 31112 адам өз үйлеріне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде.

5677 тұрғын үй мен 2584 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 11,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Сондай-ақ, жедел желі телефонына 2 205 қоңырау түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу