Су тасқыны: Ақтөбеде жаңа үйлерді салуға отандық құрылыс материалдары қолданылды

216

Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталуға жақын. 

Су тасқыны: Ақтөбеде жаңа үйлерді салуға отандық құрылыс материалдары қолданылды Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында бүгінде 500-ден астам үй құрылысы жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Мердігерлер отандық құрылыс материалдарына басымдық берген. Ақтөбе облысындағы Әйтеке би, Ырғыз, Қобда, Ойыл, Мұғалжар, Темір аудандарында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қобда, Мұғалжар аудандарында қазіргі кезде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

- Қазіргі таңда Жағабұлақ ауылында 9 үй, Бірлік ауылында 5 үй салынып жатыр. Екі ауылдағы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын "Айлин СтройПроект" ЖШС-і жүргізді. Мұндағы құрылыс материалдары отандық өнім. Пластикалық терезе, аула ішіндегі тас Ақтөбе қаласынан, ал шарбақтар Қостанай қаласынан жеткізілді. Үйдің іргетасын, қабырғасына қажетті экоблок, кірпіш Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласынан әкелінді. Ішкі жұмыстары аяқталып, қажетті техниканың бәрі қондырылды, - деді "Айлин СтройПроект" ЖШС-нің учаске басшысы Мерген Қанайбеков.

Ал Темір ауданы Құмсай ауылында 21 үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарына екі мердігер мекеме жауапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу