Су тасқыны: Атырау облысындағы ахуал қандай?

399

Құлсарыда 2748 тұрғын үй мен ғимарат су астында қалып отыр. 

Су тасқыны: Атырау облысындағы ахуал қандай? Фото: Үкімет

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева су тасқыны бойынша өңірдегі ахуалды баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жылыой ауданындағы су тасқыны жағдайы қатаң бақылауда. Құлсары қаласында Жем өзенінің су деңгейі тәулік ішінде 20 сантиметрге төмендеді. Жалпы су тасқыны басталғалы 136 см-ге дейін төмендегені байқалады. Барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Су тасқыны салдарын жою үшін 229 бірлік техника, жеке құрамнан 3066 адам, 17 бірлік жүзу құралдары, 31 бірлік мотопомпа жұмылдырылды. Қазіргі таңда Құлсарыда 2748 тұрғын үй мен әкімшілік нысан су астында. Су басқан тұрғын үйлерден су тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді спикер республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Қазіргі уақытта су басқан тұрғын үйлерден 4 ПНС-110 және мотопомпалар арқылы су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Су басу қаупі бар аумақтарға аэровизуалды шолу жұмыстары жүргізілді. 

Айсұлу Келдіғалиеваның сөзінше, гидрометеорологиялық қызмет пен геодезист мамандар тарапынан Жайық өзенінің су деңгейіне баға берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу