Су тасқыны басталғалы 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды

314

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді.

Су тасқыны басталғалы 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды Фото: СҚО баспасөз қызметі

120 мыңнан астам оқушы қашықтан оқу форматына көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді.

"Бұрын эвакуациялық пункттерде болған 5 мыңға жуық бала балаларды сауықтыру орталықтарында (600-ге жуық оқушы), колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында (2 мыңға жуық бала), республикалық маңыздағы мектеп-лицейлердің интернаттарында (600-ге жуық бала) оқу процесін аяқтауда. Қосымша резерв ретінде балаларға 7000 орын әзірленді", - деді спикер.

Ақтөбе, Атырау облыстарының барлық мектептерінде, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының зардап шеккен аудандарында ағымдағы бақылау жүргізу (БЖБ мен ТЖБ) алынып тасталды.

Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында шешім жекелеген жағдайларға байланысты қабылдануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу