Елдің батыс аймағында су тасып жатқан 3 өңірде жағдай қиындап барады. Ақтөбеде үйлер мен әлеуметтік нысандарға қауіп төнді. Батыс Қазақстан облысында қызыл су астында қалған 16 адам тікұшақпен құтқарылды.
Абырой болғанда, екпіні қатты судан зардап шеккендер жоқ. Құтқарушыларды әсіресе, осы Орал жақтағы жағдай алаңдатып отыр. Қазір көрші Атырау мен Маңғыстау өңірлерінен 100-ден атсам құтқарушы мен 30-дан астам техника көмекке жіберілген. Олар осы аймақта шұғыл жұмысқа кіріседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу