Су тасқыны: БҚО-да 6,5 мың адам және 1 мыңнан астам техника жұмылдырылды

238

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы күрес жұмыстары жалғасуда. 

Су тасқыны: БҚО-да 6,5 мың адам және 1 мыңнан астам техника жұмылдырылды Фото: БҚО әкімдігі

Су тасқыны басталғаннан бері жедел ден қою және шешім қабылдау мақсатында облыстық азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, апаттық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін облыстық жедел штабы жұмыс жасайды.

Мұндай штабтар Орал қаласында және облыстың 4 ауданында (Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі) жұмыс істейді. Сондай-ақ, "жедел желі" телефоны іске қосылды, оған тұрғындардан 500-ден астам қоңырау түсті.

Су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын нығайту, басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу және су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шараларға барлығы 6 478 адам және 1 574 бірлік техника, оның ішінде 790 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

ТЖМ және ҚР Ұлттық ұланы тікұшақтарының үш экипажы дайын, олар қажет болған жағдайда гуманитарлық көмекті жеткізуді жүзеге асырады және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізеді

Су басқан учаскелерден эвакуацияланған тұрғындарды орналастыру үшін сыйымдылығы 8596 орындық 161 уақытша орналастыру пункттері дайындалды. Бүгінгі таңда 15 пунктте 2 189 адам бар. Зардап шеккендер үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды, тұрмыстық мәселелерді шешуде қолдау көрсетіледі.

Су тасқыны кезеңінде барлығы 13614 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5653 бала.

ТЖД психологтары  және апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігерлері тұрақты негізде психологиялық және медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.

Қауіпсіз жерлерге 4886 бас мал айдалды.

Су тасқыны жағдайы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің бақылауында, ол күн сайын су басқан аумақтарға барып, жедел штабты өзі басқаруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу