Су тасқыны болған өңірлерде қанша оқушы мектеп бітіреді?

278

Тасқын болған үш облыстағы 17 мектептің оқушылары аралық және қорытынды емтиханнан босатылды. 

Су тасқыны болған өңірлерде қанша оқушы мектеп бітіреді? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Төтенше жағдай жарияланған Ақтөбе облысының 9 мектебінде, Атырау облысының 3 мектебінде және Солтүстік Қазақстан облысының 5 мектебіндегі оқушылар аралық және қорытынды емтиханнан босатылды. Бүгінгі таңда емтиханнан 3581 оқушы босатылған. Оның ішінде 541-і 9-сынып оқушылары, 283 11-сыныпта оқитындар. Қалғаны қазақ тілінен емтихан тапсыруы тиіс 5-8 және 10-сыныпта білім алатын оқушылар. Мектеп түлектерінен басқа осы оқушылар үшін жаз мезгілінде жазғы мектептер ұйымдастырылатын болады", - деді Наталья Жұмаділдаева inbusiness.kz сайтының тілшісінің сауалына берген жауабында.

Айта кету керек, осыған дейін биыл мектепті 186 мыңнан астам оқушы аяқтайтынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу