Су тасқыны болған өңірлердің мұғалімдерін атестаттаудан өткізу кейінге қалдырылды

240

Еліміздің 42 мектебінде білім алушылардың жетістіктерін бағалау мониторингі жүргізілмейді. 

Су тасқыны болған өңірлердің мұғалімдерін атестаттаудан өткізу кейінге қалдырылды Фото: freepik

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ министрлікке қарасты ұйымдар мен аумақтық департаменттерінің 300-ден аса қызметкері балалардың оқу процесі мен сапалы демалысын ұйымдастырып жатыр. 

"Педагогтерді ұйымдастыру үшін Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының мұғалімдерін атестаттаудан өткізу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.

Еліміздің 42 мектебінде білім алушылардың жетістіктерін бағалау мониторингі жүргізілмейді. Ақтөбе және Атырау облыстарындағы барлық білім алушысы үшін БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді", - деді ол. 

Атап өту керек, әрбір жағдай бойынша шешім жергілікті атқарушы органдар мен Оқу-ағарту министрлігінің хаттамасы негізінде қабылданады.

Жаңа оқу жылында барлық педагог пен мектептің оқу процесіне дайын болуы үшін министрлік төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін уәкілетті органдармен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен педагогтердің тізімін жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу