Су тасқыны болуы мүмкін 2 облыстың аты аталды

348

Аталған өңірлердегі алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр.  

Су тасқыны болуы мүмкін 2 облыстың аты аталды Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев су тасқынының келесі кезеңі қай облыстарда күтілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су тасқынының келесі кезеңі Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында күтілуде. Аталған өңірлердегі алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Күштер мен құралдар резерві, оның ішінде әскери бөлімдер алдын ала жіберілді. Жағдайды бақылауда ұстаудамыз, күштер мен құралдар қосымша жөнелтуге дайын тұр", - деді Төтенше жағдайлар вице-министрі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері елде шамамен 4,3 млн текше метр су сорылды. 600 мыңнан астам құм салынған қаптар төселіп, сегіз жүз шақырымнан астам арық тазартылды. Сонымен қатар алдын ала 383 адам эвакуацияланды. 

"51 мыңнан астам мал қауіпсіз орындарға айдалды, барлығы кері қайтарылды. Автомобиль жолдарын су шайған 176 жағдай мен су жырып өткен 25 учаске тіркелді. Қазіргі таңда бақылауда тұрған 21 автожол мен су жырып өткен 5 учаске бар", - деді Кеген Тұсынбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу