Су тасқыны бұрын-соңды болмаған жерлерде де болды

373

Билік тасқын аймағындағы қазақстандықтарды арнайы қызметтердің нұсқауларын орындауға шақырды. 

Су тасқыны бұрын-соңды болмаған жерлерде де болды Фото: aikyn.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында су тасқынына қатысты ахуалға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Маған үй-жайларын тастап кеткісі келмейтін тұрғындардың әрекеті эвакуациялау жұмыстарын қиындатып жатқаны туралы айтылды. Олар су тасқынының ауыр зардаптарына сенгілері келмейді. Көріп отырғанымыздай, биыл мұндай апат су тасқыны бұрын-соңды болмаған жерлерде де орын алып отыр. Сондықтан, қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беріп, олардың нұсқауларын орындауларын сұраймын. Бұл адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді", - деді Үкімет басшысы.

Сөзінше, бірінші кезекте эвакуациялау тұр.

"Сондықтан құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше қолдау көрсету керек. Олар сіздер үшін тер төгіп отыр. Адамдарды құтқару оңай жұмыс емес. Өкінішке қарай, Батыс Қазақстан облысында сержант Батырбек Қапсықов қызметтік міндетін атқару кезінде екі бірдей пышақ жарақатын алған. Қылмыскер ұсталды. Күштік құрылымдардың қызметкерлері мен құтқарушылар шын мәнінде батылдық көрсетіп жатыр", - деп жалғастырды ол.

Премьер-Министр қиын жағдайда ел тұрғындарына көмек қолын созып жатқан құтқарушыларға алғыс айтты.

"Сонымен қатар ұшқыштарға, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктеріне мен Ұлттық ұланның қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне және қатардағы еріктілерге алғысымды білдіргім келеді", - деді Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу