Су тасқыны қаупі бар аймақтардан 1 431 адам құтқарылды

395

Қазіргі уақытта 297 жеке тұрғын үй су астында қалып отыр. 

Су тасқыны қаупі бар аймақтардан 1 431 адам құтқарылды Фото: TobolInfо

Өткен тәулікте су тасқыны қаупі бар аймақтардан тартылған күштер мен құралдар 1 431 адамды, оның ішінде 312 баланы құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Үкіметтің, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында адам өліміне жол берілмей, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан болатын залалды азайтуға мүмкіндік берді.

Су тасқыны кезеңінің басынан бастап 630 мыңнан астам текше метр еріген су сорылды, 24 мыңнан астам қап төселді.

"Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК әуе кемелерін қоса алғанда, ТЖМ, ІІМ, ЖАО 4 мыңға жуық адам және 1 300 техника жұмылдырылды. Осы жұмыстар қауіп сейілгенге дейін жалғасатын болады.

Бүгінгі таңда елімізде ауа температурасының күрт көтерілуі, жауын-шашынға байланысты Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында су басу қаупі сақталады", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта 297 жеке тұрғын үй су астында қалып отыр. 100-ден астам жол төсемі арқылы су жүріп, 18 жол төсемін су шаю фактілері тіркелді, оның ішінде 2 көпір қирады.

Төтенше жағдайға тап болған халыққа Үкімет заңнамаға сәйкес тиісті көмек көрсететін болады.

Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу