Су тасқыны кезінде қап тасыған Пшон атты иттің ескерткіші қайда қойылады

203

Қазір дайын туынды арт-шебердің шеберханасында  тұр. 

Су тасқыны кезінде қап тасыған Пшон атты иттің ескерткіші қайда қойылады Фото: Азамат Кенжеғалиев

Атырау облысында былтырғы су тасқыны кезінде Пшон аталатын ит қап тасыған еді. Оны қараша айында атып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Итті асыраған отбасы Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында тұрады. Иттің иесі Зәмзагүл Жаңабаеваның айтуынша, Пшонды күшік кезінен асыраған. Бірақ ол қабаған ит емес. 

Ал Индер ауданында тұратын шебер Азамат Кенжеғалиев өзінің шеберханасында жұртшылықтың оң пікіріне арқау болған Пшонды кезекті архитектуралық туындысына арқау етті. Оны жүрек тектес темір бөлшектерінен құрастырған.

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиевтің пікірінше, әзірге архитектуралық туындының қайда қойылатыны белгісіз. 

– Аталған архитектуралық туындыны жасаған шебер әкімдікке хабарласты. Оған туындыны Махамбет ауданының орталығына қою туралы ұсыныс берілді. Алайда, туынды авторы бұл ұсыныспен келіспей отыр. Ол туындысын Атырау қаласында орнатуды ұсынды. Оны облыс орталығына қоюдың мүмкіндігі жоқ. Осылайша, әзірге қашан, қайда қойылатыны жөнінде нақты шешім қабылданбады, – деп мәлім етті Руслан Жұмағазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу