Су тасқыны кезінде тұрғындарды тасымалдауға 1603 вагон әзірленді – ИИДМ

84 өрт сөндіру пойызы мен қалпына келтіруге арналған кран, трактор және бульдозер сынды техникалар дайын тұр.  

Су тасқыны кезінде тұрғындарды тасымалдауға 1603 вагон әзірленді – ИИДМ Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Пойыздардың үздіксіз қозғалысын, жолдар мен жасанды құрылыстарды уақтылы дайындауды қамтамасыз ету үшін "ҚТЖ" Ұлттық компаниясы 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №957-ЦЗ бұйрығын бекітті", - деді министр.

Оның айтуынша, өткен жылдардағы тасқын суларды өткізу тәжірибесін талдау арқылы барлық өңір бойынша 673 қауіпті орынның тізбесі анықталды. Тасқын сулар өту кезеңінде тәулік бойы кезекшілік және анықталған қауіпті орындарды қарау ұйымдастырылады.

"Шойынтас пен рельс пакеттері, сондай-ақ кондициясыз темірбетонды шпалдары қарастырылған ағынға қарсы 45 пойыз құрамы жасақталып жатыр. 61 мың адамды эвакуациялауға шақталған 1 713 локомотив пен 1 603 вагон дайындалды. Сонымен қатар 84 өрт сөндіру пойызы мен қалпына келтіруге арналған кран, трактор және бульдозер сынды техникалар тұрақты дайындықта тұр. Қазір жол қашықтығы бойынша 2,4 мың текше метр  тас пен 8 мың кондициясыз темірбетон шпалдары дайындалды", - деді Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу