Су тасқынына байланысты Көкшетауда 52 адам қауіпсіз жерге көшірілді

537

Қылшақты өзені арнасынан асты.

Су тасқынына байланысты Көкшетауда 52 адам қауіпсіз жерге көшірілді Фото: ҚР ТЖМ

Көкшетауда су тасқынына байланысты 52 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көкшетау қалалық әкімдігінің мәліметінше, Қылшақты өзенінің арнасынан шығуына байланысты 29 наурыз сағат 3:00 кезінде, су басқан учаскелердегі жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлердің тұрғындары уақытша қоныстану аумағына орналастырылды.

"Қазіргі уақытта "Жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ жанындағы халықты бейімдеу орталығына 52 адам эвакуацияланды", - деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу