Су тасқыны құрбандарының саны қанша – министрлік жауабы

321

Бүгінгі таңда бұл оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Су тасқыны құрбандарының саны қанша – министрлік жауабы Фото: Үкімет

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Сенат кулуарында тасқын салдарынан көз жұмған қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бірнеше өңірде қайғылы оқиғалар болды. Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала батып кетті. Бұл оқиғалар бойынша қылмыстық істер тергеліп, алдын ала тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жауап берді Марат Қожаев.

Журналист "Су тасқынының басында Аягөз ауданындағы өзенде 2 адам трактормен бірге суға батып кетті. Төтенше жағдайлар вице-министрі бұл деректі су тасқынына қатысы жоқ деп айтты. Бұл оқиға бойынша да қылмыстық іс қозғалды ма?" деп нақтылады.

"Ол оқиға бойынша да қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр. Тергеу амалдарының нәтижесі бойынша ғана кім кінәлі екені бойынша шешім шығарылады", - деп жалғастырды спикер.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың сөзінше, су тасқыны құрбандарының қатарына Аягөзде батып кеткен 2 адамды да қосу керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу