Су тасқыны: Өңірлердегі оқушылар емтихандардан босатылды

348

Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.

Су тасқыны: Өңірлердегі оқушылар емтихандардан босатылды Фото: canva.com

Оқу-ағарту министрлігі: су тасқынынан аса зардап шеккен өңірлердегі оқушылар ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатылды. Атап айтқанда, Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингінен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 28 мектеп босатылды. Алты өңірде мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды (Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО). Қалған өңірлерде оқу штаттық режимде жүргізілуде", - деді ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Министрлік оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Эвакуациялық пункттердегі балаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 2393 бала оқу процесін ұйымдастырумен бірге орналастырылды: бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына ата-аналарымен бірге жіберіледі; орта буындағы оқушылар республикалық маңыздағы инновациялық мектеп лицейлердің жатақханаларына орналастырылады ("Дарын", РФММ, БИЛ және НЗМ); жоғарғы сынып оқушылары (9-11 сыныптар) уақытша колледждерге орналастырылады.

"Министрлік балаларға қосымша 3182 орын әзірлеп қойды", - деді ведомствоның ресми өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу