Су тасқыны: Өзбекстаннан 15 жүк көлік гуманитарлық көмек келді

244

Түркістан облысының төтенше жағдай департаменті қызметкерлері Карағанды облысына дейін сүйемелдейді.

Су тасқыны: Өзбекстаннан 15 жүк көлік гуманитарлық көмек келді Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Су тасқынынан зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ өзге өңірлермен қатар көршілес мемлекеттер де қиын-қыстау кезеңде жәрдемдесуде. Бүгін Өзбекстан мемлекетінен Қазақстанға 15 жүк көлік гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оны Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев және арнайы сүйемелдеу қызметі Келес ауданы аумағындағы Б.Қонысбаев кеден бекетінен күтіп алды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары көршілес елдің бұл көмегіне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Бұл гуманитарлық көмек керуені Түркістан облысының Түлкібас ауданынан Жамбыл облысының шекарасына дейін сүйемелдеді.

Сонымен қатар Жамбыл облысының Шақпақ ата ауылынан қабылданып, Жуалы ауданы, Тараз қаласы, Мойынқұм ауданы, Тұрар Рысқұлов, Шығанақ елді мекендерінен Қарағанды облысының Сарышаған елді мекеніне, Балқаш қаласына, Қарағанды қаласына дейін жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу