Полиция су тасқынынан қараусыз қалған 9 мыңнан астам нысанды күзетіп жатыр

219

Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция 45 зардап шеккен елді мекенді бақылауға алды.

Полиция су тасқынынан қараусыз қалған 9 мыңнан астам нысанды күзетіп жатыр Фото: todayinfo.kz

 

 

 

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-да өткен брифингте су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардға медициналық көмек көрсету жайлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Су басқан өңірлерде құқықтық тәртіп пен қараусыз қалған мүліктің сақталуын қамтамасыз етіліп жатыр.

"Азаматтардың қауіпсіздігін ету үшін қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Құтқару және су тасқынына қарсы іс-шараларға 4 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, ІІМ оқу орындарының курссанттары қатысып жатыр. 700 қызметтік техника жұмылдырылды. Оның ішінде патрульдік көлік, автобустар мен жүк көліктері, ведомстволық тікұшақ пен ұшақтар. ІІМ органдарының қызметкерлері ТЖМ мен жергілікті органдары арықтарды тазартуға да көмектесіп жатыр. Полиция мен Ұлттық ұлан қызметкерлері 10 мың метрге жуық арықты тазартты. 159 мыңнан астам құм салынған қап төселді. 16300 адам құтқарылды. Тікұшақпен 325 адам эвакуацияланды, оның 11-і жасөспірім бала", - деді ол.

Сұлтанбаев атағандай, қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция 45 зардап шеккен елді мекенді бақылауға алды.

"Ақтөбе облысында Ақтөбе мен Ойыл ауданы, Атырау облысында Құлсары қаласы мен Жылыой ауданы, БҚО-да Орал мен бірнеше аудан, Қостанай облысы мен СҚО, Ұлытау аудандары бар. ІІМ 9600-ден асқан қараусыз қалған тұрғын үй мен өзге нысандарды күзетіп жатыр. Ұрлыққа жол берілмеді", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу