Су тасқыны салдарымен күресуге 500-ден аса адам жұмылдырылды

1017

4 ауылдың кіре берісіне блок-пост орнатылды. 

Су тасқыны салдарымен күресуге 500-ден аса адам жұмылдырылды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифинг барысында су тасқыны салдарымен күресу үшін және Мырзакент елдімекенін қорғап тұратын бөгет салу үшін 508 адам жұмылдырылғанын мәлімдеді. 

"Су тасқыны салдарымен күресу үшін және Мырзакент елдімекенін қорғап тұратын бөгет салу үшін 10 ауыр техника мен 508 адам жұмылдырылды. Әзірге бұл жеткілікті. Сонымен қатар эвокуацияланған елдімекендерде тонау әрекетін болдырмау үшін ауылдардың кіре берісінде  5 блок-пост орнатылды. Эвакуациялық орталықтар мектептерде орналасқан. Ол жерде халыққа қажетті асхана, медициналық көмек сияқты барлық жағдай жасалған", – деді Сәкен Қалқаманов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу