Су тасқыны салдарын жоюға 9 мыңнан астам энергетик мамандар тартылды

261

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су тасқыны салдарын жоюға 9 мыңнан астам энергетик мамандар тартылды Фото: sknews.kz

Еліміздің су басқан аймақтарында электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүруде.

"Петропавл тұтынушыларына электр энергиясын шектеу толық көлемде алынып тасталды. Сағат 9.20 шамасында "СевКаз АЭК" АҚ электр желілерінде мұздың аралық тірекке зақым келгені байқалды. Сағат 14.38-де электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша шектеулер алынды, 20.45-те қаланы электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді", - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, бірқатар өңірлерде оң динамика байқалады. Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 1 мыңға дейін қысқарды. Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 103 абонентке дейін, Батыс Қазақстан облысында – 4 есеге, ал Атырау облысында – 3 есеге қысқарды.

"Төтенше жағдайды жоюға 9 мыңнан астам энергетик мамандар, 2 145 бірлік арнайы автотехника қатысуда. Электр энергиясының 414 мобильді көзі бар. Алдағы кезеңде кернеулердің әртүрлі кластарындағы электр беру желілерінің 1 867 тірегін қалпына келтіру қажет. Салдарды жою үшін барлық қажетті материалдар бар", - дейді министрлік өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу