Қазіргі таңда республикалық жолдарда 599 техника мен 1503 адам жұмыс істеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"2024 жылғы 1 сәуір сағат 18:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынып, қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Абай, БҚО, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстар) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 980 метр болатын су тасқыны орын алды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ онда 5 облыстағы республикалық маңызы бар 6 автомобиль жолында (ұзындығы 410 км) қозғалысқа шектеу қойылғаны айтылған.
"ҚазАвтоЖол" мамандары су алған жолдарда қозғалысты қалыпқа келтіру үшін тәулік бойы жұмыс атқарып жатыр.