"Бұл мәселе бірнеше жылдар бойы Сенатта парламенттік тыңдауда, Үкімет сағатында талқыланғанын атап өткен жөн, онда ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен қадамдық іс-қимылдармен кешенді ұсынымдар әзірленді. Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары өз есептері мен жауаптарында еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралар туралы бірнеше рет сендірді, алайда ағымдағы су тасқыны жағдайы, атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы жағдай керісінше болып отыр", – деді сенатор Ершов.
Осыған байланысты депутат үкіметтен палатаның таяуда өтетін отырысында жауап беруді сұрады.
Кулуарда журналистерге пікір білдірген Сенат спикері Мәулен Әшімбаев облыс әкімдіктері мен министрліктер дайын болмағанын айтты.